Аншi толдер

Страницы: 1 | 2  >  >>

Ана тілі
1- сынып
Колдасбаева Сауле
Үстірт атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Сабақ тақырыбы: Жіңішке дауысты дыбыстар. Әнші төлдер.
Сабақтың мақсаты : 1. Оқушыларға жіңішке дауыстар туралы түсінік беру. Төрт түлік малдың төлдері туралы түсініктерін кеңейту. Сөздік қорын дамыту.
2. Оқушыларды сауатты жазуға үйрету,оқу дағдыларын дамыту.
3. Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: схема ,суреттер,плакат,қима қағаздар,үн таспа,үлестірмелі карточка.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау,ойын.
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық дайындық.
Сабаққа сегізде келеміз.
Сабақтан қалмаймыз дегенбіз.
Сабақты 4-пен 5-ке оқып,
Білімді оқушы боламыз дегенбіз.
2. Үй жұмысы:
36-шы жаттығу.
«Төлдер» өлеңін жатқа сұрау
Үй жұмысын пысықтау мақсатында тест сұрақтарын қою.
Оқушыларды үш топқа бөлу.
1-топ . Дауысты дыбыстар.
2-топ. Жіңішке дауысты дыбыстар.
3-топ Жуан дауысты дыбыстар.
Топ басшыларына бағалау парақтарын беру.
Өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру.
3. Жаңа сабақ: «Әнші төлдер». Жіңішке дауысты дыбыстар.
Плакатпен жұмыс.
Көркем жазу сәті:Ққ
Қозы,құлын,лақ.
Тақтамен жұмыс: 37-ші жаттығу.
Топтық тапсырма.
Сергіту жаттығуы:Үнтаспадан жануарлардың дауысын тыңдау.
H
þ
(
b

Ö
ð
Топ басшыларына тапсырма беру:
Кима қағаздармен жұмыс. Сөздерге талдау жасау.
Өлеңді мәнерлеп оқып беру. Мазмұнын түсіндіру.
Оқулықпен жұмыс. 1. Іштей оқу. 2. Тізбектец оқу.
Ойын: Жануарлар қалай дыбыстайды?
1. Сиыр мөңірейді.
2. Қой маңырайды.
3. Жылқы кісінейді.
4. Түйе боздайды.
5. Әтеш шақырады.
6. Бақа бақылдайды

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: