пигменті. Гемоглабин оттекті өкпеден дененің барлық ұлпаларына жеткізіп, көмірқышқыл газын ұлпалардан өкпеге жеткізеді. Егер гемоглабин аз болса Анемия ауруы пайда болады. Гемоглабиннің қалыпты жағдайдағы нормасы әйелдерде 120-150 г/л, ер адамдарда 130-160 г/л.
Ағзадан қанның көп кетуі өте қауіпті. Ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығы бұзылады, қан қысымы төмендеп, қанда гемоглабиннің мөлшері азаяды. Қанкеткен адамның өмірін сақтап қалу үшін оған басқа сау адамның қанын құяды. Қан беретін адам - донор, қабылдайтын адам-реципиент қан топтары сәйкес келуі керек. Барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді.
Ауыз қуысына түскен тағам болсын не зиянды заттар болсын қанға өтетінін есте сақтаңыздар. Сондықтан қанымыз таза болу үшін ағзамызға құнарлығы көп тағамдар пайдалану керек. Халқымызда " Қанына тартпағанның қары сынсын" деген нақыл да айтылады. Қан ағзаның инфекциядан қорғаныш реакциясын қамтамасыз етеді. Салауатты өмір салтын ұстану жарқын болашағыңыздың кепілі.
Лейкоциттер (гр. - ақ, жасуша) қанның түссіз ядролы, амеба тәрізді қозғалғышжасушалары. Адамның 1 мм3 қанында 4-9 мың әр түрлі топқа жататын лейкоциттер болады. Лейкоциттер құрылыс ерекшеліктеріне қарай 2 топқа бөлінеді: түйіршікті және түйіршіксіз.
Лейкоциттердің қызметі жалған аяқтарының көмегімен қозғалады.
Лейкоциттердің қызметін толық зерттеген атақты физолог И. И. Мечников. Микробтарды ерітетін " Обыр жасушаларды"- фагациттер. Микробтар мен бөгде бөлшектерді сіңіріп қорытуды фагацитоз деп атайды.
Тромбациттер - қан пластинкасы. Тромбациттер- сүйек кемігіндегі ірі жасушалардың ыдырауынан түзіледі. Тромбациттердің диаметрі 2-5 мкм, түссіз домалақ немесе сопақша пішінді ядросыз жасуша. Қанның 1 мм3 250-400 мың тромбациттер болады.
Адам ағзасының ішкі ортасын
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>