>Жер бетінде ең жақыным өзіңсің Аяжан
Мәпелейсің, аялайсың әрқашан!
Жүргізуші: Шалқып тасып әніміз
Жадырасын жанымыз
Ана сені құттықтап
әндетеміз бәріміз
Ән: "Қуанышқа бөленген әр күніміз"
28бала: Ерлік еңбек атқарған,
Еңбегімен мақталған,
Ел сенімін ақтаған,
Айналайын, ақ анам!
Бізді өсіріп баптаған, Инсар
Жақсы болсақ шаттанған,
"Алтыным" деп мақтаған,
Айналайын, ақ анам!
29 бала :
30 бала:
31 бала:
32 бала:
Би : "Қыздар,қыздар"Ұлдар
33 бала: Айналайын анашым,
Көкте күн боп жанасың.
Ет жүрегің елжіреп
Құшағыңа аласың. Дильназ
Сыйлаған маған өмірді
Анашым менің аялы.
Жүрегі жұмсақ көңілі
Күн шуақты саялы.
34 бала: Теңдесі жоқ данасың,
Арқа сүйер панасың.
Еңбегіңді ақтаймын Ерқанат
Аман болшы анашым!
35 бала: Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз. Ақерке
Ұланды ана қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз!
Жүргізуші: О,анашым неткен жансың мейірімнен жаралған
Мәнгілікке арамызда шалқып-тасып жүр аман
Егер де сен еш ауырмай,күліп-ойнап қуансаң
Бұл тәңірден одан басқа,ешбір тілек сұрамаң
Өмірдегі ең асыл жан- АНА. Сол үшін балалар аналарымызды сыйлайық,ардақтайық,еш уақытта ренжітпейік.
Балалар хормен: Ана- біздің күніміз.
Ана- біздің гүліміз
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Жүргізуші: Сіздерді тағы да 8 - ші Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
Би : "Вальс"
Кұттықтау сөз ата- аналарға беріледі
Страницы: << < 3 | 4 | 5