Сабақтың тақырыбы: "Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада"
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға ата-ана алдындағы парызы мен қарыздары туралы тісініктеме беру. Балаларды аналарға деген сүйіспеншілікке баулу ана еңбегін ардақтап, мейрімділікке сый-құрметке тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін тіл байлығын ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта, ана туралы видеоматериалдар
Сабақтың түрі: интерактивті
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру
Амандасу,
Қуаныш шеңберіне жиналу
Мұғалім: Осы жылы елімізде қандай жаңалықтар болды?
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Әлдилеп аялап
Өсірген жемісің,
Самал жел сая бақ
Құшағың мен үшін
Есейіп кетсемде
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей
Көзіңнен танимын
Топқа бөліну
Мұғалім: Балалар біз мына қорапшаның ішінен бір- бір суреттен аламыз, қолымыздағы гүл қай партада тұрса сол партаға барып отырамыз.
Ана, Ана, Ана!. . . не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен қасиетті, бар махабатпен шапағатты шашып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде? Жақсылық аталуының барлығы да ананың сүтінен таралған. Сондықтан да құрметті әділқазылар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі "Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада" атты ашық тәрбие саатымызға қош келдіңіздер.
Ендеше әр топқа тапсырмалар беремін. Тапсырманы мұқият тыңдап аламыз. 3 топқа тапсырма.
І топ. Сенің анаң қандай?
ІІ топ. Сен анаңды неге теңейсің?
ІІІ топ. Ребусты шеш.
Топтар тапсырмаларын орындауға 3минут уақыт беріледі.
Сонымен ребустың
Страницы: 1 | 2 > >>