"Бекітемін"
35 "Балдырған"
бөбекжай директоры:
Кабдрахманова М. М.
"-----"- 2017ж
"Анама арнап ән салам!"
/ атты 8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік/
Өткізген: Қ. Қ. Айтбаева
Ақтау қаласы.
2016-2017 оқу жылы
Ер балалар қыздардың қолынан ұстап әкеліп, екі жаққа тұрады. Қолдарында гүл шоғымен билеп тұрады.
/Жай музыка ойнап тұрады/
Жүргізуші: Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы
Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ендеше аяулы аналар, әжелер, ардақты апалар, сұлу да сымбатты сіңлілер 8 - наурыз көктем мерекесі, әдемі қырмызыдай құлпырған әйелдер мерекесі баршаңызға құтты болсын. 4II сәбилер тобының балаларының өздеріңізге арналған мерекелік ертеңгілігіміздің құрметті көрермені болуға шақырамыз. Сіздердің қошаметтеріңіз!
Жай музыкамен Көктем ару келеді.
Бар әлем сүйіп ұнатқан,
Шапағат нұрын шұбатқан,
Қаймықпай шыққан жайраңдап,
Қыстайғы суық-сынақтан,
Көктем ару мен болам!
Жүргізуші:
Көктем келді, балалар,
Көктем келді!
Көк мұнарға бөктіріп көк пен жерді.
Көктем деген - жаздың кең дарбазасы,
Гүлге
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>