"Анам менің-аяулым!"
Зал іші мерекеге сай безендірілген.
Жургізуші:
Той пердесін ашайық ,
Тойға шашу шашайық .
Аналарды құрметтеп ,
Ән маржанын шашайық.
Ана дейміз бәрімізде аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген алтын қазық алтын бақ.
Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме!Құрметті қонақтар,сүйікті аналар,әжелер!Құрметті әріптестер 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!
9 "Жасдәрен" ересек тобының бүлдіршіндерін шақырамыз.
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті абзал аналар-дей келе балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік.
Тақпақтар:
Жансая: Мен анамды сүйемін
Құшағына енемін
Әлпештеген анамды
Қуантсам деп келемін
Нұрсая:
Мен үшін не керек
Бәрін іздеп табасың
Айналайын анашым
жұмысыңа барасың
Қайтып мені көргенде
Шын қуанып қаласың
Бекнұр:
Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейрімді ғой керемет.
Сұлтан:Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Ақдидар:Мәпелейді,әлдилейді бағады
"Құлыным"деп құшағына алады.
Өзгеге де,өзіне де жауапты
Барлығына ана уақыт табады.
Малика:Ақ анашым аппағым
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрінде.
Жүргізуші:"Қариясы бар үйдің қазынасы бар"-деп бекер айтылмаған келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер.
Жансая:Әже деген көп шығар
Менің әжемдей жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі.
Ақдидар:Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіңе жарасам ,
Жас балаша күледі.
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>