Аналар мерекесі
(ІІ кіші тобы)
Балалар залға кіріп, айшық болып тұрады.
Жүргізуші:
Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым Тәтті ұйқынды бөліп талай түн қаттын, Ер жеткізіп, елге берген баласын,
Ақылдысын, ардақтысың, данасын.
Құрметті ақ жаулықты әжелер, аналар, сымбатты, сүйкімді қыздарымыз сендерді көктем айында келген 8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
Тақпақтар:
Бал бөбегін баптаған,
Анам үшін мақтанам.
Ақ бетінен сүйемін,
Келші, келші ақ анам
Ана біздің күніміз,
Ананыңбіз гүліміз,
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Ән:
Сыйлайыншы гүлімді,
Теріп алған даладан,
Мейрамыңыз бүгінгі
Құтты болсын анажан.
Ақыл құйған санама
Күннен артық расында
Күн алыста, ал анам
Ылғи менің қасымда
Бізді өсірген апатай
Еңбегінде зор екен
Құтты болсын апатай
Құтты болсын мерекең.
Жүргізуші:
8 наурызбен бірге көктем де іле келеді.
Көктем:
Көлдің мұзын ерттім,
Ақ тонын жердің жібіттім.
Көктем күні шуақты,
Көктем күні қуатты.
Көктем күні ән-думан,
Қуанады балдырған.
Құрметті әжелер, аналар, қыздар! Барлықтарыңызды Көктем мерекесімен құттықтаймын. Менің қолымда сиқырлы қорап пен "Гүлдер" бас киімі бар.
Сиқырлы қорапшада "Ана" деген сөзді сізге (жүогізушіге) беремін, ал мына "Гүлдер" бас киімімен ойын ойнаймыз.
Ойын:
"Мен гүлдермен жүремін".
Жүргізуші:
"Гүлдер" ойыны қызықты болды, рахмет Көктем.
Көктем:
Балалар сендермен өте көңілді болды, бірақ менің кетуім керек, қысты қуып, жерді жылытуым қажет, сау болыңдар!
(Көктем кетеді)
Жүргізуші:
(Есік тарсылдайды). Балалар бізге тағы да қонақ келе жатыр.
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>