Ана -өмір гүлі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

"Ана-өмір гүлі" мерекелік концерт.
Музыка ойнап тұрады . Сахна сыртындағы дауыс:
Санжар: Сахнада "Театр отауы" үйірмесінің мүшелері. Жетекшісі Баян Рамазанқызы. Қарсы алыңыздар.
Фанфары
Санжар : Армысыздар, қымбатты ұстаздар, аяулы аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!
Алмас:
Ана деген үш-ақ әріп тіршілік,
Тіршіліктен үлбірейді гүл шығып
Ана деген үш әріпті шырқап жүрем ән қылып,
Адамзаттың жүрегінде сақталатын мәңгілік.
Еламан: Бүгін наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі. 8 наурыз . . . . адамдар да, тіпті табиғаттың өзі де бұл күні біздің тамаша әйел-аналарды даңқа бөлеп тұрғандай.
Алмас: Ана. . . . бұл сөз әрбір халықтың тілінде бар. Барлық тілде де бұл қасиетті сөз нәзік, мейірімді, жылы естіледі. Қазақша ана, орысша мама, украинша ненька, осетинше нана.
Санжар : Олай болса, барша аналарымызды, апаларымызды, қарындастарымызды көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге арналған мерекелік "Ана- өмір гүлі" атты концерттік бағарламамызды бастаймыз! Қарсы алыңыздар сахнаға "Анама " әнімен Мүрсәлі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: