Аминқышқылдар

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11  >  >>

сантопротеинреакциясымен (грек. ксанты -- сары) құрамында бензол ядросы бар белоктар концентрлі азот қышқылымен сары түс береді.
ә) Биурет реакциясы. Мыс (ЫЫ) гидроксидінің сілтідегі ерітіндісімен белоктарға әсер еткенде, ашық күлгін түс пайда болады. Бұл реакция белоктардың құрамындағы пептидтік байланыстарды анықтайды.
б) Құрамында күкірті бар белоктарға қорғасын ацетатын және сілті қосып қыздырғанда, қорғасын сульфидінің қара түнбасы түзіледі. 1
өңдеу
Белоктардың организмдегі өзгерісі

Белоктар аса маңызды тағамдық, заттар (ет, жұмыртқа, сүт, нан, т. б. ) құрамында болғандықтан, ас қорыту жолдарында ферменттер әсерінен аминқышқылдарына дейін ыдырап гидролизденеді. Аминқынщылдары ішек қабырғалары арқылы қанға өтеді. Көмірсулар мен майлардан айырмашылығы -- аминқышқылдары организмде қор болып жиналмайды. Олардың біразы адам немесе жануар организмінің өзіне тән белогын түзеді. Ал аминқышқылдарының бір бөлігі белок емес азотты қосылыстардың, нуклеин қышқылдарының синтезіне жұмсалады. 1 Кейбіреулері тотығып, ең ақырғы өнімдерге (С02, Н20, т. б. ) дейін ыдырап, энергия бөледі.
өңдеу
Белок синтезінің проблемасы

Белокты синтездеу проблемасының теориялық және практикалық маңызы бар. Белок молекуласының күрделі болуына байланысты қазіргі уақытқа дейін белок синтезі толық іске аспай отыр. Белок молекулалары үздіксіз қозғалыста болады. Белок молекулаларын синтездеуге әрекет жасаған ғалымдардың сәтсіздіктерінің себебі де осында болуы мүмкін. Белок молекулаларының үздіксіз өзгеруін анықтайтын заңдылықтарды түсіну -- қазіргі ғылымның ең басты міндеттерінің бірі.

Жоғары деңгейлі организмдерде белок биосинтезі таңғаларлықтай тез жүреді: 350 аминқышқылынан тұратын полипептид бар болғаны 10 секундта түзіледі! Белок синтезінің құпия

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: