Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің 28 «Балдәурен» бөбекжайы МКҚК
«Ақмаржан қала - Ақтауым»
Тәрбиеші: Саламатова Қ. Р
Ақтау 2017ж
Тақырыбы:. « Ақмаржан қала Ақтауым»
Мақсаты: Балалардың білімділігін көтеріп, Ақтау қаласы туралы түсініктерін кеңейту. Баланың ойлау және сөйлеу қабілеттерін одан әрі қарай дамыту. Ақтау қаласына деген сүйіспеншілігін арттыру, құрметтеуге. Сыйлай білуге және таза ұстауға үйрету.
Көрнекілік: Плакаттар, Ақтау қаласының суреттері. Қазақстан картасы.
Барысы: Ұйымдастыру.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар!
Жадыраған жаз өтіп, қоңыраулы күз есік қаққан жазира шақта, жадыраған күнмен жақсы күнде дидарлас отырмыз.
Күннің көзі ашылып,
Көкте шуақ шашылып
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой,
Ал қанеки, бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге!
Кәне балалар, бәріміз қолдарымыздан ұстап бір бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейікші.
Жанарыс: Еліміз тыныш болсын!
Карина: Бәріміз тату болайық!
Мейіржан: Аспанымыз ашық болсын!
Жанар: Дастархан мол болсын!
Райымбек: Көк туымыз биік болсын!
Амина: Жеріміз гүлдене берсін!
Дария: Отанымыз гүлдене берсін!
Жасмин: Күніміз жарқырап тұрсын!
Амина: Балабақшамыз жайнай берсін!
Лаура: Нанымыз көп болсын!
Тұржан: Деніміз сау болсын!
Иманғали: Ата анамыз аман болсын!
Валерия: Үлкен азамат болайық!
Ира: Атам әжем аман болсын!
Берекет: Қаламыз гүлдене берсін!
Ридан: Бәріміз аман болайық!
Сұлтанбек: Қаламыз көркейе берсін!
Жаншуақ: Ақ мол болсын!
Диас: Молшылық болсын!
Ернар: Мерекелі, берекелі ел болайық!
Тәрбиеші: Өте жақсы, әрқашанда жақсылықта жүрейік. Балалар қараңдаршы бізге кү
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>