>Кімдерге арналған?
Ассалаумағалейкүм!Сәлеметсіз бе?
Сәлем!
Сәлем бердік!
Сәлеметсіңдер ме?
Елдос: достар, мұхият тыңдап, ойланып жауап беріңдер.
Айгүлдің ауырып сабаққа келмегеніне бір жұмадай уақыт болып еді. Оның мектепке келгеніне ерекше қуанғандардың бірі -- өз құрбысы Жанар. Айгүлді көрген бетте құрбысы оның бетінен сүйіп амандасты. Осы амандасу түріне өз көзқарасыңды білдір.
Елдостың тапсырмасын әр топ топта талқылап, ортақ шешімдерін білдірді.
4. Жаңа сабақты пысықтау.
Білімпаз атаның сұрақтарына жауап беріңдер.
1. "Сәлем" сөзінің мәні қандай?
2. Сәлемдесу неліктен әдептілікке жатады?
3. Төс қағыстырып амандасудың мәнісі неде?
-Балалар, Білімпаз атамен қоштасайық. Сау болыңыз, Білімпаз ата,бізге берген біліміңіз үшін рахмет.
Балалар желаяққа мініп, әндетіп, сыныпқа оралады.
Көп қызық бар әлемде Құштар бол сен білімге,
Ізден, оқы, жалықпа, Білмегенді анықта.
Ойланайық, ойлайық, Кітаптан оқиық,
Жеңістерге әрдайым Біліммен жетейік.
Балалар, саяхаттан сыныбымызға оралдық.
5. Сабақты қорытындылау.
Ойын шарты:Оқушылар тақтаның алдына шеңбер құрып тұрады. Қоңырауды бір-біріне ұсыну арқылы бүгінгі сабақта алған жаңа мәліметін бір ғана сөйлем арқылы жеткізеді немесе мына сұрақтарға жауап береді.
Сәлемді алдымен кім береді?
Жастардың амандасу түрлері қандай?
"Амандасуға да жарамады" деп қай кезде айтылады?
Сәлем сөзі қайдан шыққан?
Сәлем беру туралы мақал айту.
"Жол болсын" деп қай кезде айтылады?
-Балалар, Елдос пен Аяжанға рахмет бізді өздерімен бірге саяхатқа алып шықты. Сонымен бүгінгі сабақтан біз нені үйрендік? Қане қай топтың ұпайы көп екен? Оқушыларды бағалау парақшасы арқылы бағалап, үйге тапсырм
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>