Алтын заңым - ардағым

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


Тақырыбы: "Алтын Заңым-ардағым"
Мақсаты:
1. Бөлімдері: Еліміздің Ата заңы жөнінде түсінік беру.
2. Дамытушылық: Патриоттық сезімін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Балалар Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар:ҚР-ның, рәміздері,суреттер.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс- әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотиватциялық- қозғаушылық
Шаттық шеңбер:
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр сәніміз.
Тыныштықты сақтайық,
Ашық болсын күніміз.

Шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін айтады.
Іздену - ұйымдастырушы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні орындалады.

Балалар, мына өлеңді мұқият тындап отырып, онда не туралы жырланғанын айтыңыздар.
Ата Заң
Ата Заңым,
Алтын Заңым-ардағым,
Аялаған адамзаттың арманын.
Жол бастайды болашаққа жасампаз,
Әрбір бабаң, тарауларың, тармағың,
Алтын Заңда-
Парасатым, пайымым.
Алтын Заңда-
Күш-қуатым, жалыным.
Сен қорғайсың
Бостандық пен құқықты,
Анамдайсың елжіреген жаны күн.

Қазақстан Республикаса тәуелсіз, егеменді мемлекет. Еліміз тәуелсіздікті 1991 жылы алды. Қазақстан мемлекетті өз егемендігін алған соң 30-тамызда 1995 жылы өз Ата Занымыз кабылданды. 30 тамыз-мемлекеттік мереке Конституция күні деп аталды. Еліміздің тәуелсіздігін дәләлдейтін өз рәміздері бар.

-Балалар, біз қандай республикада тұрамыз?
-Қазақстан қандай Республика?
-Еліміздің Елбасы кім?
-Қазақстанның елордасы қай қала?
-Ендеше кім осы Астана туралы тақпақ айтып береді?








-Сендер Қазақстан Республикасының рәміздерін білес

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: