Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

т: Сәлеметісіздер ме балалар бұл жерде не шуылдап жатырсыздар! Мені неге шақырмайсыздар күз мерекесіне?
Жұмбақтар мен мақал- мәтелдер
Жансая
1. Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым. (Жеміс)
Данат
Сырты қатты,
Іші тәтті. (Қарбыз)
Т Әлинұр
Екпей егін шықпас,
Үйренбей білім жұқпас.
Жарқын
Егіндікті күз суар.
Күз суарсаң, жүз суар
Қ. Іңкәр
Жері байдың - елі бай.
Жүргізуші: Күз ханшайымы біздің балалардың көріністерін тамашалаңыз
Көрініс: "Денсаулық зор байлық"
Жүргізуші: Балалар енденше біз көкөністер мен жемістерді ортаға шақырайық
Тақпақтар айтады:
Алма "Еркеназ"
Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім
Жерге сілкіп түсірме
Ісіп кетер маңдайым.
Сәбіз "Арнұр"
Өсіретін бойыңды
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Картоп Ернияз
Картоп біздің атымыз
Жер астында жатырмыз
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.
Қызанақ "Айару"
Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып
Тұрған ол мен қызанақ
Күнге қарап ұялып.
Жүргізуші: Балалар көкөністер мен жемістер көп жеу керекпіз. Сәлеметсізбе қоян! Күзгі орманда не болып жатыр, аңдар қысқа қалай дайындалады?
Қоян - Сәлеметсіңдер ме балалар! Орманда көптеген өзгерістер болып жатыр. Барлық аңдар қыс мезгіліне азықтарын дайындап жатыр. Міне, көріңдер: Слайд: "Аңдар қыс мезгіліне азықтарын дайындау" 2 минут
Балалар мен сендерге өзімен бірге ойын алып келдім
Би "Жаңбыр"
Ойын "Сиқырлы орамал"
Жүргізуші: Құрметті қонақтар бүгінгі "Күз жомарт" - атты ойын сауықты аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Сау болыңыздар қонақтар, келгенше жыл айналып.

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: