ы бар деп бекер айтылмаған. Қазыналы әжелерімізге арналған ән, тақпақтарымызды қабыл алыңыздар.
Айгерім:
Әжемді мейрамымен құттықтаймын
Айтатын ән, беретін гүлім дайын
Әжетай сені жақсы көремін деп
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
Дәрмен:
Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз
Амина К:
Әжем менің әлі де
Ұқсамайды кәріге
Шай қайнатып береді
Қажет болса бәріне
Болат:
Жүргізуші: Ақ жаулықты әжелер, сіздер ән тыңдағанды ұнатасыздар ма?
Олай болса, балалар кәне барлығымыз тұрып әжелерімізге арнап ән айтайық
Ән "Әжем"
Жүргізуші:
Ал енді әжелер мен сіздерді немерелеріңзбен бірге ойын ойнауға ортаға шақырамын.
Ойын: "Кір жуамыз біз бірге"
Ойын ойналып болғаннан кейін залда Нұрмұхаммед жылап тұрады. Оны естіп, залға Күннің көзі кіреді. Қонақтармен амандасып, кімнің жылап тұрғанын сұрайды.
Күннің көзі: Балақай сен неге жылап тұрсың?
Нұрмұхаммед: Мен анамнан адасып қалдым, анамды таба алмай жатырмын
Күннің көзі: Сенің анаң қандай еді?
Нұрмұхаммед: Менің анам сұлу, алтын адам
Күннің көзі: Жүр мен сені анана апарайын. сен ананды тауып алғанда не айтасын?
Нұрмұхаммед: Мен оған арнап ән айтамын.
Күннің көзі мен Нұрмұхаммед анасын тауып алып, оған және барлық аналарға арнап ән айтады.
Ән "Менің анам алтын"
Күннің көзі: Жарайсың Нұрмұхаммед. Кәне сендермен бірге көңіл көтеріп ойын ойнайық
Ойын: "Сәулелерді жина"
Күннің көзі: Өте жақсы ал енді аналарымызға сыйлығымызды сыйлайтын кез келген сияқты.
Жүргізуші: Ия дұрыс айтасыз Күннің көзі
Бала үшін алаңдар
Әрқашанда аналар
Көктемнің алғаш сыйлығын
Сый құрметпен алыңдар деп балаларымыздың аналар
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>