көп егін,
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін
.
Күз ханшайымы: Айналайын,балалар! Енді мен сендермен қоштасамын! Бұл естен кетпес күн болды. Бәріңізге бақыт тілеймін! Сау болыңыздар!
Жүргізуші:
Білім - теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім менен тәрбие егіз дейміз.
Әдебі мен тәлімі үндесетін,
Балаларды болашаққа жетелейміз.
Қош дейміз әлі талай кештер бар,
Өнерлерің өрлей берсін ұландар,-дей келе даярлық классының "Алтын күз" ертеңгілігі аяқталды.
Алтын күз ертеңгілік сценарий
Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар, ұстаздар және балалар. Біздің "Алтын күз" атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Бүгін "Балапан" тобының балалары күзгі баққа саяхатқа келіп отыр.
Балалар бүгін бізге қонаққа күз патшайымы келіпті. Бәріміз қарсы алайық.
(күз патшайымымен амандасу)
Күз патшайымы:
Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен күз патшайымы боламын. Сендерге алыс жерден келдім. Мені күз патшасы жіберді. Бұған дейін көп ормандар мен жерлерге бардым, ол жақтан сендер сияқты балаларды кездестірдім. Олар өте ақылды балалар екен менің тапсырмаларымды орындаған соң сыйлыққа жеміс- жидектер бердім. Сендер менің тапысрамаларымды орындауға дайынсыңдар ма?
-Олай болса бастайық.
Тәрбиеші: Балалар біз күз ханшасын төрге отырығызайық.
Күз ханшасы ең алдымен сендердің өнерлеріңді тамашалағысы келеді. Қане дайындаған көрінісімізді қойып берейік.
Көрініс: "Көкөністер айтысы"
Санжар мен Ақжүніс бақшаларына барып, көкөністер теруге сыртқа шықты. Кенет күбірлеген дыбыстар естілді, бұл ненің дыбысы екен десе, көкөністер адамға мен пайдалымын деп айтысып жатыр екен. Ең алдымен сөзді қияр бастады:
Аида (қияр):
Дәмім тілді үйірген,
Мен тұздалған күй
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 | 10 > >>