Алтын күз
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар, ата - аналар, асыға күткен күз мерекесі де келіп жетті, баршаңызды алтын күз мерекесімен құттықтаймыз! Құттықтай отырып бүгінгі біздің кіші топтың "Алтын күз" атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Төңірек толы сары алтын
Күз келді туған жеріме
Шуағы нұрлы жайнаған
Алтын күз әсем айналам
Мерекесі халықтың
Алтын күзді бастайық,
Алтын күзге арналған
Ертеңгілігімізді бастайық!
Жүргізуші:
Тоңазып атырап,
Көп жеміс піседі.
Сарғайып жапырақ,
Судырап түседі.
Үстінеде егінжай,
Салқын жел соғады.
Гүл,жапырақ шөптер де,
Қуарып солады.
Айтыңдаршы,балалар
Бұл қай кезде болады?
(Балалардың жауабы. "Күзде")
Қазір біздің балалар Күзге арнап ән шырқайды "Күз "әнін айтып береді.
Ән:
Жел соғады қатты
Кетті ұшып тағы
Ағаштан алысқа
Жапырақтар сары
Жапырақтар биі
Айналады жолды
Алтын күздің күйі
Айналаға толыды
Ғажайып сәт: (Желдің дауысы естіледі). Әуенмен залға Күз келеді.
Күз.
Сәлеметсіңдер ме балалар! сәлеметсіздер ме қадірлі қонақтар! Мерекелерің құтты болсын!
Жүргізушіі:
Балалар, біздің мерекеге күз келіпті, қане барлығымыз амандасайық.
Балалар амандасады.
Күз :
Армысыздар,балалар!
Күзгі бақта қонақтар!
Өздеріңе әкелдім,
Күздің сыйын көз тартар
бүгін сендердің мерекелеріңді бірге қарсы алуға менде келдім. Баршаңызды алтын күз мересімен құттықтаймын! Күз бақыт, береке әкелсін!
Жүргізуші:
- Айтқаныңыз келсін, күз .
Күз:
Енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. "Кім жылдам?" ойыны
Ойын шарты: екі топқа бөлініп шашылған көкеністерді жинаул
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>