Алтын күз

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Ашық сабақ тақырыбы: Алтын күз Ашық сабақ мақсаты: 1) Алтын күз мерекесін өткізу. 2) Күз туралы түсініктерін кеңейту. 3) Табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Ашық сабақ көрнекілігі: "Алтын күз" жазуы бар қағаз, әр түрлі суреттер,баян аспабы, үнтаспа т. б. Ашық сабақ барысы: "Саржайлау" әні ақырын орындалады. І) Әнұранмен бастау. Балалар орындарынан тұрып бәрі бірге әнұранды айтып шығады. Тәрбиеші: Қарсы алайық бәріміз, Жасымыз бен кәріміз. Қырдан кепті қыдырып, Алтын күзге нұр төгіп. Тілегім аман болсын ел іргесі, Алтын күз қайта келді берекесі. Молшылықтың жаршысы бола білді, Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді. ІІ) Балалар біз сендермен жеміс-жидектерді, көкөністерді қай мезгілде жинап аламыз? "Алтын күз" ханшасын ортаға шақырайық, балалар! -Амансыңдар ма,балалар! "Мен сендерге қонаққа келдім,сыйлық әкелдім. "Төрге шығып отырады. -Ал енді сендер өздерің жаттаған тақпақтарыңды айтып беріңдер. Амандасу Амансың ба, алтын күн, Амансың ба, жер ана! Амансың ба, достарым, Сендерді көрсем қуанам. Айкерім Күзде жауын,бұлт,тұман, Сары жапырақ жауады! Сары құйын ұйытқан, Сапырады ауаны. Айназ Тапталады табанға, Судыр-судыр жапырақ. Өрттей сары бояуға, Малынғандай атырап. Назерке Қайтқан құсты көрдің бе, Қаптай ұшқан әуелеп. Күткен күзім келдің бе, Сыңсып бағың мәуелеп. Малика Қамба толды астыққа, Алғыс саған,алтын күз! Бір уыс дән шаштық та, Қап-қап қауын алдық біз. Батырхан Сәбіз Кім бар сәбіз шырынын Жастайынан ішпеген? Мені жеген адамдар, Кем болмайды күшке де! Зухраб Жүзім Мен жүзіммін, жүзіммін, Моншақ болып тізілдім. Аружан Өрік Мен өрікпін,өрікпін, Бау-бақшаға көрікпін. Алишер Шие Мен шиемін,шиемін, Күннің көзін сүйемін. Қышқыл шырын менде бар, Төмен басты иемін. Рахат Қарбыз Теңбіл-теңбіл қарбызды, Тентек Серік жарғызды. Мөлдір Қызанақ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: