/>Алтын күз деген мен болам.
Армысыздар , құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?
Балалар: Жоқ.
Жүргізуші:
Шоғы толған гүлдей жайнап
Шақырады жарқын жүз
Сайрандаған күліп-ойнап,
Келді міне Алтын күз!
Күз: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі
Шықса жасыл
Түссе - сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ.
Күз: Дұрыс таптындар
жарайсындар!
Жүргізуші: Алтын күз , біздің балалар күз туралы өлен, тақпақтар біледі. Сіз жәйланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Ән "Күз жомарт"
Жүргізуші: Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын "Кім жылдам?" деп аталады. Ойынның шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөкністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістерді жинайды.
Ойын "Кім жылдам"
Би:
"Алтын күз" өленің тамашалыныздар
Жүргізуші: Алтын күз, балалардың өнерлері ұнады ма?
Күз: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды
Берекелі бақ-дәулет,
Арта түссін тойланып.
Сау болындар, балалар,
Келгенше жыл айналып
Күз:Ал, тәрбиеші апай, менің балаларға әкелген сыйлығым бар еді. Мен соны сізге берейін балаларға таратып берінізші.
Жүргізуші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет!
Страницы: << < 1 | 2