Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Екінші кіші "А" тобы
Білім беру саласы: "Коммуникация"
Бөлім: сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: "Алтын күз"
Мақсаты:балаларға күз туралы түсінік беру.
Міндеттері:
-Ойлау қабілетін дамыту
-Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекіліктер: күздің суреті
Сөздік жұмыс: күз
Билингвальдік компонет: күз-осень
Іс әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеті
Баланың әрекеті
Есеп
-
Мотивациялық
қозғалыс
Ізденіс
ұйымдастыру
Рефлексия
Балалармен бірге шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірімен амандасып, жылы сөздер айту.
Мысалы: Сен әдемісің, сен сұлусын, сен ақылдысың.
-Балалар қазір қандай мезгіл екенін білесіңдер ме?
-Дұрыс айтасыңдар күз мезгілі.
Күз мезгілінде ауа райы салқындатып,жаңбыр жиі жауады. Адамдар жылы киімдерін киіеді. Күз мезгілінде барлық жеміс жидектер пісіп,ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.
-Балалар сенднр жеміс жидекті жағсы көресіңдер ме?
Ендеше қазір біз "Жемістерді жина" ойынын ойнаймыз. Мақсаты: балалардың қызығушылығын арттыру.
Сергіту сәті
Топ-топ-топ-топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса-жаса алтын күн,
Жаса-жаса жарқын күн.
-Балалар бізде күздің алдында жаз мезгілі болды. Жазда күн ыстық,адамдар жұқа киіммен жүреді,ағаштардың жапырақтары жасыл болып жайқалып тұрады.
Дидактикалық ойын: "Бұл қай мезгіл?". Мақсаты: күз бен жаз мезгілін салыстырып,ажыратуға үйрету.
Балалар бүгін сабақта біз не істедік?
Қай жыл мезгілі туралы айттық?
Страницы: 1 | 2 > >>