Алтын жапырақ төккен күз

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3

де де пайдаланамыз.
Кәне қай жануар қалай дыбыстайтынын айтып жіберейікші!
Д/о: "Кім қалай дыбыстайды?"
Сиыр мөңірейді;
Жылқы кісінейді;
Түйе боздайды;
Қой,ешкі маңырайды;
Жеке жұмыс: Бағлан сиыр қалай мөңірейді?
Сергіту сәті:
Атқа жақсы қараймын,
Жал құйрығын тараймын.
Мініп алып сол атқа,
Барып жүрмін қонаққа
Енді балалар осы жануарларды қалай шақырады екенбіз, кім айтады?
Сиырды-аухау-аухау дейміз.
Түйені-көс-көс дейміз.
Жылқыны-қырау-қырау дейміз.
Қойды-пұшайт-пұшайт
Ешкіні-шөре-шөре дейміз.
Жеке жұмыс: Мадияр түйені қалай шақырамыз?
"Аудармашы"
Үй жануарларының орысша, қазақша атау.
Билингвалдық компонент: сиыр-корова, түйе-верблюд, қой-баран, жылқы-лошадь, ешкі-коза.
Енді балалар осы жануарлардың төлдерін қалай атайды екенбіз, кім айтады?
Сиырдың баласын-бұзау дейміз.
Түйенің баласын-бота дейміз.
Жылқының баласын -құлын дейміз.
Қойдың баласын-қозы дейміз.
Ешкінің баласын-лақ дейміз.
Жеке жұмыс: Каусар жылқының баласын не дейміз?
Дидактикалық ойын: "Төлдерді дұрыс орналастыр"
Мақсаты: Балаларды үй жануарларын, төлдерін атауға, олар туралы жалпы мағлұматтарды толық баяндауға, оларға қамқоршы болуға үйрету.
Берілген үй жануарларының төлдерін сызықпен қосу керек.
Д/О: "Неден жасалған?"
Ғажайып қаптың ішінен тағам және жүннен тоқылған киім түрлерін алып, олардың қай жануардың өнімінен жасалатынын айту.
3. Қорытынды/итоговая часть:
Балалар біз бүгін қандай үй жануарларымен таныстық?
Төрт түліктің бізге берер пайдасы бар ма?
Үй жануарларының төлдерін қалай атаймыз?
Балаларды мадақтау.








Страницы: <<  <  1 | 2 | 3
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: