тын сандықта "Білім" деген қазына бар. Сол "Білім" қазынасын алу үшін түрлі тапсырмалар орындаймыз. Ойын үш кезеңнен тұрады. І кезең "Тас қақпа", ІІ кезең "Күміс қақпа", ІІІ кезең - шешуші кезең- "Алтын қақпа" деп аталады. Сұрақтар салмағы әр кезеңінің атауына байланысты болады. Мысалы, "Темір қақпада" сұрақтар сәл жеңілдеу болса, "Күміс қақпада" сұрақтар алдыңғы кезеңге қарағанда күрделене, қиындай түседі. "Алтын қақпаның" сұрақтары болса, алдыңғы екі қақпаның да сұрақтарынан салмақты, алтындай бағалы болады. Берілген тапсырма, сұрақтарға дұрыс жауап берілген жағдайда қақпа ашылады. Үш қақпа ашылған соң "алтын сандықты" ашу үшін барлық кезеңде жақсы жауап берген топ алтын сандықтың сұрақтарына жауап береді. Алтын сандықтың сұрағына жауап берген топ жеңіске жетеді.
- Ойынның шарты түсінікті ме? Түсінікті
Страницы: << < 1 | 2