інде телефон байланысы, телефон тораптары немесе сымсыз байланыс серігі қолданылады.
Егер қашықтағы компьютерлерді байланыстыру үшін телефон желісі қолданылса, модем қажет болады.
Модем (МОдулятор/ДЕМодулятор сөздерінің қысқартылуы) - таратушы жағында компьютердегі сандық сигналдарды үздіктелген аналогтық сигналдарға айналдруды қамтамасыз ететін қабылдаушы жағында сигналдарды осыған кері түрлендіретін құрылғы.
Модем арқылы көптеген дербес пайдаланушылар аймақтық және коммерциялық желілерге, Интернетке қосылады. Сондай - электрондық поштаны пайдаланады, конференцияларға қатыса алады.
Үлкен қашықтықты және пайдаланушыларды молынан қамтитын есептеуіш желілер телекоммуникациялық есептеуіш желілері деп аталады. Телекоммуникациялық желілер - ақпарат алмасу және оны өңдеуді бөлісу желісі, ол өзара байланысқан жергілікті желілерден құралады. Мұндай масштабтағы желілер аппаратттық, ақпараттық, программалық сияқты қоғамдық ресурстарды ұжымдаса пайдалану мақсатында құрылады. Телекоммуникациялық желіні пайдаланушыларының өздерінің қай жерде орналасқанына қарамастан ақпаратты жедел түрде кез келген қашықтыққа жіберуге, сонымен қатар желіден қажет мәліметті дер кезінде алуға мүмкіндігі бар.
Интернет - (ағылшынша Internet - желіаралық байланыс) бүкіл жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желілер жиынтығы.
Өзара байланыстырлыған миллиондаған компьютерден құралған, біртұтас ақпараттық кеңістікті Интернет деп атайды. Интернет желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70 - жылдар басында АҚШ қорғаныс министрлігінің APRANET компьютерлік жүйесі болып саналады. 1973ж. APRANET Англия мен Норвегия мемлекеттеріне байланыс орнатып әлемдік кеңістікке шықты. Интернеттің кеңінен таралуына себеп 1982 жылы пайда болған ТСР/ІР хаттамасы (пр
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>