Қала мен ауыл

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Дүниетану 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: қалалар мен ауылдар тарихы
Мақсаты: қалалар мен ауылдар тарихымен таныстыру
Міндеттері: қалалар мен ауылдар тарихы туралы ақпараттар беру. Ұқсастық, айырмашылықтарын айыра білуге үйрену. Өз ойларын дәлелдеп, сөйлеп үйрену
Күтілетін нәтиже:, қалалар мен ауылдар тарихын біледі
балалар жұптасып жұмыс жасауға қалыптасады, берілген тапсырманы өзара топта талдап, қорғауға, өз ойларын дәлелдеуге үйренеді.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Әдіс тәсілдер: Сергіту сәті, топқа бөлу, «ойын мақтау»,
«не ортақ?». «Мен сіздерді. . . таныстырғым келеді» ойыны
венн диаграммасы, таныстырылым жасау, жұптық талдау, сұрақ-жауап, инсерт, 9 ромб
Қажетті ресурстар, дереккөздер: Оқулық
Журналдар, Интернеттен алынған суреттер
Сабақтың кезеңдері: Мұғалімнің іс -әрекеті
Ұйымдастыру Сергіту сәті, психологиялық жағымды ахуал туғызу, топқа бөлу «ойын мақтау»,«не ортақ?». «Мен сіздерді. . . таныстырғым келеді» ойыны. Мақтау сөздерге байланысты бөлінеді
Оқушының ісәрекеті: Жұппен жұмыс жасай отырып, өздерінің ортақ қасиеттерін анықтайды
Өткен сабақты бекіту 9 ромб әдісі
Үйге берілген эссені жазғандары болса оқыту, балаларға тыңдату.
өткен сабақты "9 ромб" әдісі бойынша бекіту (тақтаға тоғыз ромб ілінеді. әр ромбтың сыртына үй тапсырмасына байланысты сұрақтар жазылады. оқушылар осы сұрақтарға жауап береді)
9 ромб әдісі
Халықтық мерекелер туралы айтып бер
Өзің білетін мамандық иелерін ата
Мұғалімдер күні қашан мерекеленеді?
Ата-анаңның кәсіптері туралы айтып бер. Оларды қалай құттықтайсың?
Шопандар тойы туралы не білесің?
Қырман тойы туралы айтып бер
Ауылда қандай мерекелер тойланады?
Саған қай мереке ұнайды? Неге?

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: