Ал қызыл бауырсақ

Страницы: 1 | 2  >  >>

Күні:
Білім беру салалары:"Шығармашылық"
Бөлімдері: "Мүсіндеу"
Тақырыбы : "Ал қызыл бауырсақ"
Мақсаты: Ұлттық тағамдар жайында түсінік беру. Домалақтау тәсілін бекіту. Ермексазды алақанның арасында айналма қимылдармен жазу дағдысын жетілдіру. Баланың ойлау қабілетін дамыту. Бейнелеу өнері арқылы тіл байлығын жетілдіру. Бейнелеі түрде қабылдай білуге және эстетикалық талғамға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, үйрету,көрсету, сұрақ-жауап, үлгіні талдау, айналдыру, домалатау, мадақтау.
Қажетті құралдар: Ертегі мазмұны бойынша аңдар бейнесі. Ермексаз, таяқшалар, тақтайшалар, сүлгі
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс- әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық
Балаларға "Бауырсақ" ертегісін үстел үстінде драмалау. Балалардан ертегі мазмұнын сұрап естеріне түсіру. Бауырсақтың ұлттық тағам екенін дайындалуы жайында, домалақ және жалпақ пішінде болатының ескерту.


Ұйымдастыру-іздестіру
Кейіпкерлерді әр үстелге таратып бауырсақ домалап келе жатып қандай аңдарға кездесті, әрқайсымыз бауырсақты жасап көрейік. Тәрбиеші тапсырмасы бойынша балалар кесектен үзіп алып алақан арасына салып айналдырып, домалақтап бауырсақ жасайды. Дайын болған: қоян, қасқыр, аю, түлкіге кездескенде не айтқандарын әр баладан сұрайды. Ертегіні әңгімелеп болған соң талқыланады фланелеграфқа назар аудартып, ата мен әженің үйдің ішінде отырғаны, бауырсақ терезенің алдында тұрғаны, оны қозғалтып, орманға қарай бел байлағаны, шырша ағаштарын орналастыру, олардың арасынан домалап өтуі, жолмен келе жатқаны, басқа кейіпкерлермен кездесуін бейнелеп әңгімелету кеңістігі бағдарлама, түр-түсін ажыратуға және композиция құруда балалардың ой қиялын дамытуға басшылық жасайды.
Сергіту сәті. <

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: