Ал қанекей, ұлдар!
Мақсаты: Ер балалардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін бақылау. Сахна мәдениетіне, өзіне-өзі сын көзбен қарауға, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, өнерсүйгіштікке тәрбиелеу.
Музыка ойнап тұрады. Балалар залға кіреді. Қолдарында шарлары бар, шарға аналарының суреттері байланған. Жарты шеңбер болып тұрады. Ер балалар арт жақта, қыздар алдында.
1. Жүргізуші:
Айналдым "ана" деген асыл аттан
Шуағын бар әлемге шашыратқан
2. Жүргізуші:
Ойнап жүрген құлынын даладағы
Үйде отырып даусынан ажыратқан
Хормен барлығы: Жанымызды жайнатқан,
Сіздерсіз ғой аналар.
Зор денсаулық мол бақыт,
Тілейміз біз балалар!
Балалар қолдарындағы суреттерді аналарына табыстайды. Орындарына отырады.
1 - жүргізуші: Бүгін ерекше күн, екі мерекенің басын қосып, аналар мерекесін және 22 - наурыз барша мұсылманның мерекесі Ұлыстың ұлы күнін атап өткелі отырмыз.
2 - жүргізуші: Осы мерекеге байланысты дайындаған балалардың өнерін тамашалауға шақырамыз. Бүгін біздер ер балаларымыздың арасында сайыс ұйымдастырғалы отырмыз. Бұл сайысымыздың аты - "Ал қанекей, ұлдар" деп аталады. Ұлдарымыз аналарына және топтағы қыздарымызға өздерінің ерекше сыйы - өнерден шашу шашқалы отыр.
1-жүргізуші: Ендеше, топ жарып сайысқа шыққалы отырған ержүрек, батыр, еліміздің болашақ Отан қорғаушыларын қошаметпен ортаға шақырамыз.
Өзінен бұрын көзі күлімдеген,
Еркеліктің ізі де білінбеген.
Кішіге қамқор, үлкенге ізет болған
Алижанды шақырайық, аса құрметпенен!
1 сайыскеріміз Айтбаев Алижан
2 - жүргізуші: Таудай оның талабы,
Шексіз оның арманы.
Оқушы болып үлгілі,
Кілең бестік алады.
2 - Амирханов Уалихан
1 - жүргі
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>