,2 бақылаушы, 1 бағалаушы қызметін бөліп алды. А тобы мен С тобы өз қызметтерін өзара ынтымақтаста бөліп алды. В тобы қызметтерін жеребе тастау арқылы бөліп алды.
Тапсырмаларды тапсырмалар қоржынынан таңдап алды да, топ мүшелері өз қызметтеріне сәйкес жұмыстарын атқарды.
Жаңа сабақ бойынша оқушыларға миға шабуыл әдісі бойынша сұрақтар қойдым.
1. Ең алғаш сауат ашқан оқулығымыз?
2. Әліппенің атасы кім?
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп жаңа сабақтың тақырыбын ашты. Тапсырмала бойынша әр топ бірлесіп жұмыс жасап, жаңа сабқты өздері ашты. А тобы 1. Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы интернет желісін падаланып, толық мәлімет берді.
В тобы "Ақын ініме" өлеңін мәнерлеп оқып,өлең құрылысына талдау жасады. Топ көшбасшысы Фарида өлеңді мәнерлеп оқып, идеясын, тақырыбын, тәрбиелік мәнін ашып берді.
3. С тобы өлеңнің шығу тарихын зерттеу тапсырмасын ойдағыдай орындады. Бұл топта топ көшбасшысы интернет желісін мақсатты пайдаланып,өлеңнің 1911 жылы Міржақып Дулатовқа арналғанын айтады.
Сабақты қорытындылау мақсатында кері байланысты жылдамдық сұрақтары арқылы орындадым. Сұрақтарды орындаған тапсырмалары бойынша топтар өздері құрастырып, бір-біріне сұрақтарын қойды.
Бағалау барысында оқушылар топтың ерекшелігін, тапсырманы мұқият орындаған-орындамағаны, кеткен қателіктерін айтып, бір-бірін бағалайды.
Страницы: << < 1 | 2