Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Тақырыбы: "Ғажайып сурет әлемінде" сайысы
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Бейнелеу
Тобы: Ересек топ (Шаттық , Балдәурен)
Мақсаты: Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: топтық сайыс, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, құрастыру, тақырыпқа сурет салу.
Көрнекілігі: құрастырма суреттер, суреттер.
Құрал-жабдықтар: плакат, қарындаштар, акварель бояулары, қылқалам.
Сайыстың барысы:
Армысыздар құрметті қонақтар, сайысымызға қатысушылар!
Бүгінгі бейнелеу өнері ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті бойынша ересек топтар арасындағы "Ғажайып сурет әлемі" атты сайысымызға қош келдіңіздер.
Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық.
1.
2.
3.
Ортамызда екі топ сайысқа түспекші.
І топ "Бояулар"
ІІ топ "Қарындаш"
Өнер десе өртеніп жанып тұрар,
Сусындап сол өнерден қанып тұрар.
Сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлер,
Кез келді өзін-өзі таныстырар, - дей келе сайысқа түспекші екі топпен танысайық.
"Бояулар" тобы:
Көрікті ашық бояумыз.
Өнерге ғашық баламыз.
Бәрінің өңін келтірер
Сурет болмас бояусыз.
"Қарындаш" тобы:
Біздің есім "Қарындаш",
Өнерсіз бала қарны аш.
Сайысқа келген достарым,
Сурет сал, міне қарындаш.
Өнерпазды жарау аттай баптасын,
Халқымыздың асыл мұрасын сақтасын.
Өнерімен
Страницы: 1 | 2 > >>