"Ғажайып ойыншықтар әлемі"
Ән әуенімен кіреміз.
Амандасамыз екі тілде.
-Балалар,бүгін біз сендермен "Ғажайып ойыншықтар әлеміне" саяхатқа барамыз. Автобусқа отырып жолға шығайық. Балалар,жол қысқаруы үшін ән айтайық.
(Балалар ән айтады )
Жүргізуші:
-Балалар,аялдамаға жақындап қалдық,қазір тоқтаймыз,автобустан түсеміз.
Ғажайып ойыншықтар әлеміне келдік. Алдымен бір-бірімізге жылы тілектерімізді айтайық.
Жылулық шеңбері:
Аспанымыз ашық болсын,
Еліміз тыныш болсын,
Деніміз сау болсын,
Достарымыз көп болсын.
Саяхатымызды жалғасытрамыз:
-Балалар қараңдаршы, қандай әдемі ойыншықтар. Балалар ойыншықтарды қолымызға алып сипаттап көрейікші.
Інжу:
Ойыншығым аю,
Не берсемде жемейді,
Еркелігі соншама,
Көтермесем жүрмейді.
Айханша:
Ыдыстарды жинаймыз,
Үлкендерді сыйлаймыз,
Кесе, қасық бәрін де,
Өз орнына қоямыз.
Исатай:
Машинамын көлікпін,
Мамандарға керекпін,
Үйренген соң білімді,
Көресіңдер тілімді.
-Балалар,ойыншықтарды сындыруға болама екен?
Балалар:Жоқ сындыруға болмайды,олар өкпелеп қалады.
Тәрбиеші:Саяхатымызда әрі қарай жалғастырайық. Ойыншықтар дүкеніне барайық. Балалар , қараңдаршы қандай әдемі қуыршақтар бар екен. Қуыршақтарға арналған ыдыстар да бар екен. Біз осы дүкеннен әдемі екі ойыншық сатып аламыз.
Дүкенші:Сәлеметсіңдер ме, балалар?,менің дүкеніме қош келдіңдер. Өздеріңе ұнаған ойыншықтарды ала қойыңдар.
Жансая:Апай маған ойыншық беріңізші.
Дүкенші:Саған қандай ойыншық керек?
Жансая:Ең әдемісін беріңізші. Қуыршақтың бағасы қанша?
Дүкенші:Екі мың теңге,ма,ала қой қуыршағыңды.
Айханша:Апай,мағанда қуыршақ беріңізші.
Дүкенші:Саған қандайын берейін?
Айханша: Маған ұ
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>