ҒАЖАЙЫП АЛАҢ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Мәдени - көпшілік іс-шараларының өткізудің сценарийі

"ҒАЖАЙЫП АЛАҢ"

Бергенова Луиза Эдиссоновна, Темиралиева Нурлы Амановна-Батыс Қазақстан
Жоғары медициналық колледжінің
арнайы пән оқытушылары


Әр педагог әрбір баланың ойынан шығып, қажеттілігін қанағаттандыра білуге дайын болуы тиіс.
Сабақтан тыс шара-әр ұстаздың шығармашылық жұмысы. Ұстаз кәсіби білімі қанша жоғары болса, ол оқытып, тәрбиелеген оқушы да соншалықты сауатты болады.
Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің: "Ел боламын десең, бесігіңді түзе" деген өте терең мәнді орынды да әдемі нақылы бар. Себебі ұстаз ең жауапты міндетті орындайды-ол адамды қалыптастырады. Ұстаз қандай болса шәкіртте де сондай сенім жүгін көтереді.
Колледжіміздегі "Гигиена және эпидемиология", "Лабораториялық диагностика", "Медбикелік іс" бөлімдерінің студенттері арасында интеллектуалды ойын өткіздік.
Шараны өткізу мақсаты:
Оқушылардың ойындағы белсенділікті, лидерлік сезімін ояту. Оқушылардың жалпы білім негізінде интеллектуалдық білім деңгейін тексеру.
Шараның әдістері: ақпаратты-дамытушылық, интерактивті: Microsoft Power Point программасы бойынша слайд көрсету, бейнероликтер көрсету.


Өту барысы
Жүргізушілер: Куанов Нұртас, Жолдасбаева Тілектес 3-курс студенттері.
Басталуы: Шағын жүргізушілердің көрінісі (шағын көрініс - фон Коламбур)
--
2-жүргізуші: Бүгін не болады-не болады? Кешке кетем ғой киімдерімді жудың ба, трикомды-трикомды?
--
1-жүргізуші: Иииии, қайдағы трико үйде жүрсің бе костюм кимейсің бе?
--
2-жүргізуші: Ааааа ия, костюм киеді екенмін ғой. Кешке не істейсің?
--
2-жүргізуші: Сен менің қасыма жүргізуші боласың ба, сен машин

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: