Қостанай қаласы әкімдігінің білім беру басқармасы
Қазақ тілі пәнінен «Адамның денсаулығы» атты тақырыптағы ашық сабақ жоспары.
Өткізуші: Таткенова Гүлбану Хайдарқызы
Қостанай қаласы 2 мектеп лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Қостанай қ. – 2015ж.
Сабақтың тақырыбы: «Адамның денсаулығы».
Сабақтың мақсаты: білімділік – тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді меңгерте отырып, олармен сауатты, дұрыс сөйлемдер құрастыра білуге жаттықтыру. Шылауларды басқа сөз таптарынан ажырата білуге үйрету;
дамытушылық – сұрақтарға дұрыс жауан беру арқылы сөйлеу тілдерін дамыту. Сөз бен сөзді байланыстыра білуге, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс қолдана білуге дағдыландыру. Тілдерін, сөйлеу мәдениетін дамыту;
тәрбиелік – дене мүшелерін, денені таза ұстауға үйрету. Тазалық туралы әңгімелер жүргізе отырып, денсаулықтарын күтуге баулу.
Түрі: жарыс сабақ.
Әдісі: мәнерлеп оқу, аудирование, сұрақ-жауап, сөйлесу, көрнекіләк, тіл дамыту, аударма, топтастыру, ойын.
Дидактикалық қамтамасыз етілуі: әр түрлі суреттер, электронды оқулық, сөздер жазылған қағаздар, үлестірмелі материалдар, кесте.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. ҚР-ның әнұраны.
3. Сыныптағы оқушыларды түгелдеу, келмеу себебін сұрау, білу.
4. Оқушылардың қөңілін сабаққа бейімдесу, ыңғайлау.
5. Тіл дамыту сәтін өткізу.
«Денсаулық – зор байлық»
Оқы, аудар, мағынасын түсіндір, сөздерді сөз құрамына алда.
II. Жаңа сабақтың тақырыбы мен өту барысын талқылау.
1. Кіріспе: -Балалар, біз сендермен бүгінгі сабағымызда «Адамның денсаулығы» деген тақырыппен танысамыз. Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша сауатты сөйлемдер құрастыра білу, шылауларды ажырата білу.
Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше. Сабақ
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>