Адамгершілік - адамның рухани арқауы
Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек,
ол бала солай бола алады.
В. Сухомлинский
Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершілік дамуы балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Мәселен, ойын үстінде ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады. Сондай-ақ еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, ұйымшылдық, жауапкершілік, парыз сияқты асыл қасиеттер, патриоттық сезім жайлы мағлұматтар пайда болады.
Атақты педагог В. Сухомлинский: Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады. Негізгі мақсат - дені сау, ұлттық сана -- сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ләззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Рухани адамгершілік тәрбие - бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды. Сананың қалыптасуы - ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасуына, жеке адамдардың өзара қатынасынан басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген. "Жақсымен жолдас болсаң - жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң - қаларсың ұятқа. . . " &qu
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>