Абайлаңыз, көктайғақ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы: Абайлаңыз, көктайғақ!
Мақсаты:
::Балалардың қыс мезгілінде үйде, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтай білу жөніндегі білімдерін бекіту
::Ойлау, пайымдау, еске сақтау, логикалық ойлау дағдыларын дамыту;
::Өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу
Көрнекілігі: Видеожазба, компьютер, слайд, плакат.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
1-жүргізуші
Көктайғақ - төтенше жағдайлардың. себептерiнiң бiрi.
Көктайғақ кезiнде апаттардың болу мүмкiндiгi жоғарылайды. Жүргізушiлер үшiн негiзгi жағдайлар -- жаң-жаққа қарау, төмен жылдамдық және абай болушылық.
Видео ролик көрсетіледі
2 жүргізуші: Көктайғақ кезінде зардап шеккіңіз келмесе, келесі ережелерді орындаңыз:
1 оқушы: Өзiңiздiң аяқ киiмiңiзге назара аударыңыз: табаны тайғақ материалдан жасалмаған, ыңғайлы аяқ киiм алыңыз.
2 оқушы: Аяқ астына қарап, қауiптi жерлерде өтпеуге тырысыңыз. Егер су болған, "мұзды" жерден өтуге мүмкiндiк болмаса, шаңғышы сияқты өтуге тырысыңыз.
3 оқушы: Көлiк өтетiн жерлерде сақ болыңыз. Асықпаңыз және жүгiрмеңiз.
4 оқушы:- Жолдың келесі бетке өтетін жерлерде абай болыңыз, асықпаңыз, жүгірмеңіз;
5 оқушы:- Аяғыңызды тізеден бос ұстап, табаңыңызды нық төсеп жүріңіз;
6 оқушы: - Қолды қалтаға салып жүру құлау қаупін ұлғайтады
7оқушы: - Егер тайып кетсеңіз ауыр жарақат алмас үшін, жүрелеп отыра қалуға тырысыңыз.
8 оқушы: - Құлаған кезде қатты соққы алмас үшін бүктетіліп, аунап түсуге тырысыңыз.
9 оқушы:- Құлаған кезде қолыңыздағы заттың емес, өзіңіздің аман қалуыңызды ойлаңыз.
10 оқушы: - Құлаған соң орныңыздан бірден көтерілмей, жарақат алмағаныңызға көз жеткізіп, жаныңыздағылардан көмек сұраңыз.
1- жүргізуш

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: