Абайды оқы, таңырқа

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тақырыбы: "Абайды оқы таңырқа!" (Абайдың қара сөздері)
Мақсаты: Оқушыларға ақынның қара сөздері жөнінде мағлұмат беру. Міндеті:
Оқушыларды өз өнерін көрсете білуге қалыптастыру;
Ақынның шығармалары туралы алған ұғымдарын ортаға салу;
Абай атамыздың өлеңдерін жаттаумен қатар қара сөзінің тәрбиелік мағынасын білуге баулу.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар өз өнерлерін көрсетеді;
Ақынның шығармалары туралы ұғымдарын ортаға салады;
Абайдың қара сөзінің тәрбиелік мағынасын түсінеді.
Ресурстар: Суреттер, презентация, слайд, видео, гиперссылка т. б
Музыкалық әуен ойнап тұрады.
1-слайд
Мұғалім
Қайырлы күн, құрметті оқушылар! Бүгінгі сынып сағатымыз Абай Құнанбайұлының туғанына 170 жыл толуына байланысты болмақ.
2-слайд

Мұнда назар салайық Мерекесі халықтың Абай атамызға арналған Ертеңгілікті бастайық
3-слайд
Мұғалім
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.
"Мені" мен "менікінің" айрылғанын
"Өлді" деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?
4-слайд
Хормен
Қуан! Шаттан! Алақай! Қуанатын күн бүгін Қайырлы таң! Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін Бәріміз тату болайық.

Мұғалім

Балалар, сендер қазір үш топқа бөлінесіңдер. Абай атамыздың қара сөздері, өлеңдері, әндері болып бөлінеміз.
5-слайд
"Қара сөздер" тобы

Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкрегінде болсын көз.
6-слайд
"Әндер" тобы
Кұлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: