Абай Құнанбайұлының табиғат лирикасы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

нында әр сөзі теңіздің тереңіне тартқандай мың батпан ойдан туған, кісіге берер шабыты мен шапағаты мол Абай әр қазақтың бағдаршамы іспетті.
Абай өлеңдері бай философиялық, курескерлік қасиетке ие. Ол ең алдымен қазақтың телегей - теңіз ауыз әдебиетінен сусындап, батырлар жыры мен ғашықтық жырларының үрдісіне мұрагерлік етті.
"Ескендір", "Масғұт", "Әзім әңгімесі" - Абайдың шығармашылық мұрасындағы поэмалары да зерттеушілердің назарында.
Абай қазақ өлең үлгісін жаңаша тұрғыдан байыта түсті. Сондықтан да Абай қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы деуге болады.
Абайдың ақындық дәстүрін ақынның көзі тірісінде тікелей дамытып, жалғастырған ақын шәкірттері болған. Солардың ішінде ерекше орын алатыны Абайдың өз балалары.
Абай тек қана ақын емес, сонымен бірге сазгер. Халық арасынан шыққан таланттарды танып, олардың еңбегін таратушы болды.
Абайдың ән шығармашылығы қазақтың халық музыкасында ерекше орын алады. "Сегіз аяқ", "Айттым сәлем, Қаламқас", "Желсіз түнде жарық ай" т. б. әндері әлі күнге халық жүрегінен жылы орын алған.
Абай өзінің шығармашылығында қара сөзге ерекше мән берген.
Абай поэзиясының арқауы ғылым, білім, еңбек - осы қара сөздерде жалғасып дамиды.
Қара сөздерден адамның көңіл-күйінің жарығы мен қараңғысының айнасы болған - күлкі мен қайғы туралы педагогтар арасында осы күнге дейін айтылмаған тың ой табамыз. Өйткені күлкі мен қайғы туралы ешкім Абайдай тап басып айта алмаған. Абай "күлме" демейді тек "орынсыз күлкіден сақ бол" дейді. Абай өз шығармалары арқылы рухани бірлікке шақырады.
Қорыта айтқанда, Абай қазақтың демократ ақыны, ұлы ойшыл, философы. Ол қазақ тілінің мәйегінен көптеген өлеңдер мен дастандар сондай-ақ, басқа да фило

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: