Абай лирикасы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

7- сынып
Қазақ тілі пәні
Сабақтың тақырыбы: Абай лирикасын оқыту
«Желсіз түнде жарық ай»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Абай лирикасын оқыту, ұлы ақындардың шығармаларымен таныстыру, қазақ тілінің грамматикасын қайталау
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың сөйлемдер құрап, өз ойларын қағаз бетіне түсіру қабілеттерін дамыту,
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, әдемілікті түсініп бағалай білуге тәрбиелеу, отансүйгіштік қасиеттерін дамыту.
Пәнаралық байланыстар: қазақ әдебиеті, тарих, ән-күй, сурет, орыс тілі
Сабақтың жабдықтануы:
Көрнекілігі: Слайд,электрондық тапсырмалар
Керекті құралдар: Компьютер, интерактивті тақта
Әдебиет: оқулық, «Абай» журналы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын айқындау.
Сабақтың тақырыбы айтылып, сабақ мақсаты түсіндірілгеннен кейін сабақты мына бір жүрегімнен шыққан өлең жолдарымен бастаймын.
Білгің келсе қазақты,
Абайды оқы, жасқанба.
Қалың қазақ елінен,
Абайдан жан асқан ба.
ІІІ. Ой толғау. Абайды кім деп білеміз?
әнші қазақ ұлы ақын
сазгер лирик ақын
аудармашы жерлесіміз
философ отаншыл
IV. Мына сұраққа жауап беріңдер:
Абай қайда туып - өскен?
Оның қандай өлеңдерін білесіңдер?
Оның табиғатты бейнелейтін қандай өлеңдерін білесіңдер?
Қандай әндері бар?
«Желсіз түнде жарық ай» әнінде не жайында айтылады?
«Желсіз түнде жарық ай»
Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп
Ауылдың жаны терең сай
Тасыған өзен күрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы
Сыбдырласып өзді өзі
Көрінбей жердің топырағы
Құлпырған жасыл жер жүзі
Осы әнді орыс тіліне Юлия Нейман былай аударған:
Тихой ночью при

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: