Ағаш бөлшектерін бұрама шегемен құрастырып-бекіту

Страницы: 1 | 2  >  >>

Сабақтың тақырыбы: «Ас үй жабдықтарын дайындау. Оқтау»

Сабақтың мақсаты:1. жас ұрпақтардың рухани дүниесін байыту және ұлттық өнерімізді пайдала білу. Патриоттық сезім қалыптастыру және шеберлік деңгейін арттырып, ынта-ықыласын молаитуға, әсемдік пен сұлулықты көріп, бағалай білуге үйрету;
2. : ұлттық өнер жайлы білімдерін жүйелеп, шығармашылық қиялын арттыру. Шеберлігінің ұшталуы, ойлаған мақсатқа жету;
3. : өз бетінше жұмысқа ептілік деңгейін көтеруге баулу;
Сабақтың түрі: жаңа тақырып, аралас;
Көрнекіліктер әдісі: жасалған экспонат, сызбалар, технологиялық карта, дайындалған дайындамалар;
Құрал жабдықтар: ағаш бөлшектер, сүргі, штангенциркуль, ара түрлері, СДТ-120 ағаш өңдеу станогы, егеулер;
Пәнаралық байланыстар: сызу, сурет, геометрия;
Сабақтың ұйымдастыру формасы: топтық оқыту;
Сабақты оқыту әдісі: сарамандық яғни өз беттерімен жұмыс;
Сабақтың құрылымы:
Ұйымдастыру кезеңі;
Жаңа материалдарды түсіндіру;
Бұйымның жасалу жолдарын үйрету;
Қауіпсіздік ережелері жайлы нұсқау беру;
Жаңа сабақты пысықтау;
Сарамандық бөлім;
Қорытындылау.
Жұмыс барысындағы қауіпсіз еңбек ету ережесі.
Жұмыс кезіндегі қауіп түрлері:
Жаңқаның ұшуынан көз жарақаты;
Жаңқа бөлігінен қолға тікен кіруі;
Айналу бөліктеріне жанасудан қол жарақаты;
Дайындаманы станокқа дұрыс бекітпеуден немесе дайындама сапасыздығынан дене жарақаты болуы мүмкін
Сондықтан, жарақат алғанда дереу мұғалімге хабарлау керек.
Жұмысқа дейін:
Жұмыс киімді дұрыс кию (жең, белбеу және т. б. ) реттеу;
Станокты тексеру (ременьді, берілістің қорғаныс бөлігін және т. б. )
Жұмыс орнында артық ештене болмайды;
Дайындаманы мұқият тексеру, дұрыс бекіту;
Пышақ тіреуішін дұрыс қатайту;
Пышақ жүздерін реттеу

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: