Пәні
Күні
Қазақ әдебиеті
02. 03. 17
Сынып
5 "Л"
Сабақтың тақырыбы:
А. Байтұрсыновтың "Оқуға шақыру" өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында кең ақпарат беру. Кең тынысты поэзиясының ауқымын көрсете білу. Ол жайында еркін тілдесе білуге жетелеу. Лирика жайында түсінік беру.
Дамытушылық: түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындау арқылы білім алушылардың ойлау қабілеттерін, тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлығын арттыруға тырысу. Тәрбиелік: топтық жұмыстар жасау арқылы оқушыларды адами ізгі қасиеттерге жетелеу. Оқушыларды бірін-бірі сыйлауға дағдыландыру. Эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі:
аралас сабақ
Сабақтың көрнекіліктері:
сызбалар, нұсқаулық, сызба, үлестірме тапсырмалар.
Сабақтың әдісі
Сұрақ-жауап, түсіндіру, оқу, жазу, талдау.
Сабақ барысы
Уақыты
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушы іс-әрекеті
1. Ұйымдастыру
3
Амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру.
Рефлексия
Мен саған тілеймін. . .
Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу.
Әр топ өз ұрандарын айтады.
Миға шабуыл:
Осы атаулар өмірде керек пе?
Амандасу, кезекші оқушы сабаққа қатысты мәлімдеу, оқу құралдарын тексеру.
Бір-біріне тілек айтады.
1 - топ "Мектеп" Ұраны: Мектеп - кеме,
Білім - теңіз"
2 - топ "Кітап" Ұраны: Кітап - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.
3 - топ "Білім" Ұраны: Күш - білімде,
Білім - кітапта.
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>