Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы
Балтабай ауылы Балтабай орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Назарбекова Айгүл Еркінқызы
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: "7 санының қасиеті"
Мақсаты: 1. Оқушылардың жеті санының қасиеті туралы түсініктерін тереңдете отырып, білуге деген құштарлығын таныту, көзқарасын қалыптастыру, Ұлттық салт - дәстүрді білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Жеті санына байланысты слайд, интерактивті тақта
Барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу, балалардың назарын аудару.
Психологиялық дайындық
Зеңгір көктен
Нұрын төккен
Ортақ біздің күніміз
Жайнап өскен
Жайдары өркен
Біз өмірдің гүліміз
І. Кіріспе бөлім:
- Тәрбие сағатымызды біз алдымен сөзжұмбақты шешуден бастайық. Бәріміз тақтаға қарайық. Мен сендерге сұрақтарын оқып беремін сендер жауаптарын айтып отырыңдар.
"Сөзжұмбақты шеш"
Мінсең көлік, атасы Қамбар деп аталады. Ол не? Жылқы
Жұма сайын пісірілетін нанның түрі. Қалай аталады? шелпек
Әкеңің әкесі. Ол кім? ата
Туда бейнеленген құс. Қандай құс? бүркіт
oo Өте жақсы. Ендігі кезекте математика пәніне де білімімізді ұштастырып, өлең есептерді де шығарып жіберейік.
Алма бағы жайнаған,
Қызыл алма айналам.
Алдым үзіп бесеуін,
Тағыда алдым екеуін.
Алдым сонда нешеуін? (Жетеуін)
Қандай құстар бұл өзі,
Жетіден ұшып жүреді.
Шұбырып тізбек құрады,
Қайырылмай артқа ұзады. (тырна)
oo Балалар, қараңдаршы барлық жерде жеті деген сан шығып отыр, олай болса жеті санының қасиетіне тоқталып өтейік. Тақтаға назар аударайық.
ІІ. Негізгі бөлім:
oo Бүгін біз сендермен сұрақтарға жауап бере отырып, Ғарыш әлеміне саяхатқа шығамыз. Ғарыш әле
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>