7 саны мен цифры. 7 санының пайда болуы. Тура және кері санау

Страницы: 1 | 2  >  >>

Білім беру саласы: "Таным"
Бөлімі: "ҚМҰҚ"
Тақырыбы: 7 саны мен цифры. 7 санының пайда болуы. Тура және кері санау.
Мақсаты: Бірді қосу арқылы келесі санның пайда болуы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
БМ: 7 саны мен цифрымен, 7 санының пайда болуымен таныстыру. Реттік санауды бекіту.
ДМ: Зейіндерін, есте сақтау қабілеттерін, тілдерін, қиялдарын, логикалық ойлауды дамыту.
ТМ: Сабақтарға деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.
Қолданатын құрал - жабдық: құртақандар,кемпірқосақ,дәптер.
Сөздік жұмыс: құртақандар.
Көптілділік компонент: жеті-семь-seven.
Қызметтің кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық

Шаттық шеңбері:
Оқу-білім аламыз.
Біздер зерек баламыз
Математика пәнінде
Тапқыр,алғыр, боламыз.


Шеңберге тұрып, тәрбиеші-мен бірге қайталайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік

Құртақандарды сабаққа шақырады. Құртақандарды ретімен санап, олардың қасиеттерін (белгілерін) сипаттауға итермелейді: бірінші құртақан үлкен, көк шалбар киген, екіншісі - . . . Алдымен 6 құртақанды орналастырады. Содан соң сабаққа тағы бір құртақан-ның қатысқысы келетінін айтады. Сұрақ қояды:
- Енді олар нешеу болды? Олар қалайша 7-еу болып кетті? (7 дегеніміз - 6 және 1). Бүгінгі сабақтың тақырыбын кім айтады?
-Балалар бүгін біз сендер-мен 7 саны және цифрымен танысамыз.
Қане 7 санын ауада жазып көрсетейікші. (Саусақтарымен ауада жазады)
Жеті санына арналған тақпақ оқып береді:
Жазда шөпті шабар,
Қыста тыныш табар.
Шалғы бар әр үйде,
Жетіге ұқсас бәріде.
- Балалар жұмбақ шешкіле-рің келеме?
-Жарқылдан соң жаңағы
Суға толды бар алқап.
Көкте түрлі жолақты

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: