6-ны қосу және азайту

Страницы: 1 | 2  >  >>

Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы
Социал негізгі мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Елиясова Гүлбану Исақызы



2-сынып. Математика
Тақырыбы: 6-ны қосу және азайту.
Мақсаты
Білімділік: 6-ны қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру. Өрнектің мәнін табу.
Дамытушылық: Оқушының жан-жақты ойлауын,ізденуін,ойының нақтылығы мен
жүйелілігін дамыту
Тәрбиелік: Іс әрекет жасауға баулу,икемділікке,ептілікке ,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топтастыру, ойын, деңгейлік тапсырма,
Көрнекіліктер: үлестірмелер карточкалар,конверттер,болашақ баспалдағы,қанатты сөздер
Түрі: ойын сабақ
Сабақтың барысы:
І. Психологиялық кезеңі
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған
Ал ,енді бәріміз бір қатарға тұрайық,күннің жылуын алып,бір-бірімізге қарап жымиып күлеміз. Ал ,енді келг ен қонақтармен амандасайық
1-артқа қараймыз,
2- он қолымызды,сол кеудемізге қоямыз
3- бас иеміз
4- орнымызға отырамыз.
Ал ,балалар бүгінгі сабағымыз
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру "Қайталау-білім анасы" деп тақтаға іліп қоямын.
- Мынау не?
- Бұл баспалдақ
-Иә ,балалар дұрыс айтасыңдар ,Бұл - болашақ баспалдағы
- Біздің мемлекетіміз өз алдында , болашақта бәсекеге қабілетті ,дамыған 50 елдің қатарына қосылу жөнінде мақсат қойып отыр. Сондықтан білімді болсақ,біз де дамыған 50 елдің қатарына қосылуға үлесімізді қосқан болар едік. Сондықтан бүгінгі сабақта білім баспалдағы арқылы ,білім шыңына жетуге асығайық. Білім шыңына туымызды тігейік.
1. "Жорға" ойыны ,конверттер таңдап алады . 1-баспалдақ

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: