22 қыркүйек – Тілдер мерекесі. Ыңғайлас салалас сөйлемді қайталау

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Балтабай орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі
Алимходжаева М. К
9-сынып оқу тілі –орысша

Сабақтың тақырыбы: 22 қыркүйек – Тілдер мерекесі. Ыңғайлас салалас сөйлемді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
- үш тілді дұрыс қолдану қабілеттерін нәтижелеу;оқушылардың дүниетанымын кеңейту; арнайы тапсырмалар арқылы өздігінен тілдерді меңгеруге жетелеу;
- оқушылырға тілдер мерекесі туралы әңгімелей келе, өз ойын жүйелі түрде жеткізе отырып, іздену жұмыстарын нәтижелеу;
- «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасы туралы мағлұмат беру арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеру;
2. Дамытушылық:
- құрмалас сөйлем, оның ішінде ыңғайлас салалас сөйлем түрлерін қайталай отырып, өзіндік қабілетін дамытуға мүмкіндік жасау;
- оқушылардың креативті қабілеттерін дамыту;
- меңгерген тілдер қабілеттерін білімнің басқа салаларында дұрыс қолдана білуді дамыту;
3. Тәрбиелік:
- мемлекеттік тілдің өркендеп, дамыуы, мәртебесі жөнінде айта отырып, көп тіл білу – заман талабы екені туралы мағлұмат беру , әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт дәстүрлері, діні, тіл ерекшеліктері болатынын түсіндіру.
- оқушыларға өзінше жұмыс істеуге, жұп алдында, топ алдында, өз ойын ортаға салып,дұрыс шешім қабылдауға жол ашу.
- ұжымдық жұмыс барысында өзара сыйластыққа, басқаның сөзін мұқият тыңдап, шешімді бірге қабылдауға үйрету.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Слайд:
Қуан, далам! Қуанатын күн бүгін!
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін!
Тіл туралы Заңым енді күшіне
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.
Жаңа сабақтың эпиграфы:
Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан
«Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды қолға алуды ұ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: