Қазақша сценарий: Миницентр
22 Наурыз - Наурыз мейрамы (Жыл басы - Наурыз)
Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру;
Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге
тәрбиелеу;
Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: газеттер, нақыл сөздер, киіз үй керегесі, ұлттық бұйымдар.
Барысы:
І Кіріспе
Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады. Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады. Ұлағатты сөздер:
«Наурыз құтты болсын!»
«Жыл басы- наурыз!»
«Наурыз құт әкелсін!»
«Құт береке мейрамы Наурыз жасасын!»
Залда әсем әуен ойнап тұрады.
Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар. Ұлыс күндеріңіз құтты
болсын!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!
(Әжесі мен Наурыз қыз ортаға келеді. Әжесі шашу шашады)
Наурыз қыз:
Наурыз тойы-береке,
Наурыз тойы-жыр аңыз.
Қызып дулы мереке
Қызық думан құрамыз.
1 бала: Қош келіпсің Наурыз!
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың!
2 бала: Би биледік бәріміз!
Егін өңін толқытқан,
Елдің көңілін шалқытқан.
Бас иеміз- Наурыз!
3 бала : Сені тойлап қарсы алып,
Бар әлемге жар салып,
Сәлем бердік, біз сізге!
ІІ. Негізгі бөлім:
Құрметті қонақтар, сіздерге арналған бақша бүлдіршіндерінің
«Жыл басына таласқан жануарлар » ертегісінің желісімен қойылған «Жыл басы- Наурыз» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.
Көрініс.
ІІІ. Қорытынды:
Тәрбиеші: балалар бүгінгі мейрамға бізге бата беруге арнайы Қызыр атамыз
да келіпті. Келіңіз, ата төрлетіңіз.
Қызыр ата батасын береді.
Әумин! – бата
Страницы: 1 | 2 > >>