Сабақтың тақырыбы: Графикалық әдістер мен процедуралар (2 сағат
Сабақтың мақсаты: VisualBasic те графикалық файлдарды қолдануға, әдістерді пайдалана білуге, процедураларды жаза үйрету.
Ә) есте сақтау, ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту
Б) әдістердің атауын сауатты жазуға, жоба құруда бағдарламаны дұрыс пайдалануға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Өткен сабақты қорытындылау мақсатында сұрақтар қою:
1. Қарапайым программалардың қатесін қалай тексеруге болады ?
2. Қатені тексеру мен қадамдық әдіспен тексерудің қандай айырмашылықтары бар ?
3. Программада қандай қателер болады ?
4. Программада қатенің неше түрі болады ?
ІІІ. Жаңа сабақ
VisualBasic тілі графикалық файлдарды қолданудың 3 тәсілін ұсынады:
Кез келген графикалық редакторда салынған суреттердә және компьютердің жадында
сақталған графикалық файлдарды көшіріп немесе адресі бойынша сілтеме жасау арқылы пішінге PictureBox графикалық терезесіне файлдарды кірістіруімізге болады.
ToolBox құрал – саймандар тақтасынан Line(сызық) және Shape (фигура) басқару элементтерін кірістіру арқылы.
Пішін мен PictureBox нысандарына графикалық әдістер арқылы нүкте, сызық, төртбұрыш, шеңбер, эллипс, бұрыш, доғалар салуға болады. Графикалық пішіндерді салу үшін графикалық әдістер қолданып, процедура жазамыз.
Scale әдісі жаңа координаталарды ұсынады. Scale әдісін қолданғанда PictureBox пен пішін абсолютті координатаға ие болады, олардың өлшемі (ені мен биіктігі) арнайы тип өлшем бірлігіміен өлшенеді.
Scale әдісінің жазылуы
нысанның аты Scale (Х1, Ү1) – (Х2, Ү2)
Scale әдісіндегі Scale әдісіндегі жылжыған
координаталар жүйесінысанның координаталар жүйесі
Х1, Ү1 – нысанның сол ж
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>