Сабақтың тақырыбы:10 санының құрамы.
Сабақтың мақсаты:
1. 10 санын екі санның қосындысы түрінде жазу, кез келген 10 саннан кем санды 10-ға дейін толықтыру, 10 санының құрамын пайдаланып, мәні 10-ға тең қосынды,оған кері айыру құрастыру бастайды.
2. Сын тұрғысынан ойлау техникаларының элементтерін пайдалана отырып оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттеріне және сөйлеуге дағдыландыру,жұмыс істеугей.
3. Оқушылар бойына адамгершілік қасиеттерін енгізу.
Сабақтың түрі: Мақта қыз бен мысық ертегісі желісіндегі саяхат сабақ түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, әңгімелеу, пәнаралық сабақ.
Әдіс-тәсіл: Мақта қыз бен мысық ертегісіндегі кейіпкерлер.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа әзірлену.
Оқушылар:
Сабаққа біз даярмыз
Жалқаулықты қоямыз
Үздік оқып әрқашан
Кілең бестік аламыз.
Мұғалім:
Бір, екі, үш
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
Бүгінгі сабағымыз ерекше болады. Себебі біз ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз. Көздерімізді жұмып, көз алдымызға ертегілерді елестетейік.
-- Қандай ертегілерді естеріңе түсірдіңдер? Айтып беріңдер?
Сыныпты 4 топқа бөлеміз. Әр топқа ат қоямыз.
1-топ Тапқырлар
2-топ Ойшылдар
3-топ Білгірлер
4-топ Алғырлар
Мақта қыз бен мысық ертегісі. Бұл ертегіні өткен ана тілі сабағында оқыған болатынбыз. Суретке қарап осы ертегіні кім бастаймын дейді.
Бұл екеуі дос болып жүреді. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады. Мысық келмейді. Қыз: Келмесең келме - деп,мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп: -- Неге шақырдың? -- деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық: -- Ендеше қатығыңды төгем-дейді.
Мақта қыз: -- Мен құйрығыңды кесіп аламын-дейді. Мысық
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>