Білім беру саласы: "Таным"
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
Тақырыбы: 1 саны мен цифры.
Мақсаты: 1 саны мен цифрымен таныстыру; 1-дің пайда болу негізін ұғындыру. Сан ұғымына заттарды салыстыра отырып келу; ойлау қабілетін, зейінін дамыту. Үлкенді сөзін бөлмей тыңдауға баулу.
Көрнекі құралдар: "Күз сыйы" сюжетті сурет; алма, алмұрт, 1 цифры, жинақ полотносы.
Үлестірме құралдар:әр балаға екі жолақты карточка, алма, алмұрт.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы
Тәрбиеші балаларға жылы лебіздер айта отырып, жақсы көңіл-күй сыйлайды. Күз падишасы хат жолдап, суреттер жібергенін айтады. Хатта: көкөністер мен жемістер араласып кеткенін, оларды балалардың екі себетке бөліп жинап беруін өтінеді.
Балалар бір-біріне жылы лебіздер айтады. Балалар қызығушылық танытады.
Ұйымдастыру-іздестіру
Жинап болған соң тәрбиеші балалардың зейінін себеттерге аударып, сұрақ-жауап арқылы көп - аз ұғымына тоқталады. "Күз сыйы" сюжетті сурет көрсетіліп, 1 санының пайда болу жолдарымен; цифрымен таныстырады. Үлестірме құралдармен жұмыс: балалар екі жолақты карточкаға тәрбиешінің тапсырмасы бойынша оң қолмен солдан оңға қарай алма, алмұрт орналастырады, сұраққа жауап береді. Сергіту Отырыңдар, тұрыңдар, Маған мойын бұрыңдар Бұрылайық оңға бір, Бұрылайық солға бір Иіліп алдыға Енді түзу тұрайық Қолымызды созайық Шапалақтап ұрайық. Дәптермен жұмыс Балаларда 1 цифрын баспа түрінде қарындашпен жазуын қалыптастырады.
Қайсы себетте көп, қайсы себетте аз екенін көрсетіп айтады. Суретте не бейнеленгенін айтады. Үлестірме құралдармен тәрбиешінің нұсқауы бойынша жұмыс жасайды. Балалар өлең жолдарына сай қимылдар
Страницы: 1 | 2 > >>