Жарықтың қасиеттері. Жарық. Жарық жылдамдығы - конспект для урока

 
  • Рубрика:
  • Формат: zip
  • Просмотров: 230
  • Скачиваний: 9

Сыныбы: 8 Пәні: физика
Сабақтың тақырыбы: Жарықтың қасиеттері. Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері . Күн –жұлдыз. Жарықтың таралуы. Күннің және айдың тұтылуы.
Сабақтың мақсаты:
жарық, жарық көздері, жарық жылдамдығы, жарықтың түзу сызықпен таралуы, Күннің құрылысы, Күннің және Айдың тұтылуы туралы мағлұмат беру;
Білімділігі:
әлемнің тіршілігі үшін жарықтың алатын орны туралы өзіндік ой қорыту, білімдерін тереңдете түсу;
Дамытушылығы:
оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелігі:
сыныпта жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу;
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: жеке , топпен жұмыс
Оқыту әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, танымдық ойындар
Пәнаралық байланыс: геометрия, жаратылыстану
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар, үлестірмелі карточкалар, дидактикалық материалдар, глобус, электр шамы, шар, штатив, т.б.
Қолданылатын технология: Сын тұрғысынан ойлау, дамыта оқыту технологиясы.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. § 59, 60
А) тест жұмысын беру
1. Магнит өрісін өзгерткенде, электр тогы пайда болады. Бұл құбылыс қалай аталады?
А) электр өрісі
ә) Электрмагниттік индукция құбылысы
б) магнит өрісі
2. Электромагниттік индукция құбылысын ашқан кім?
А) Андре Мари Ампер
ә) Александро Вольта
б) Майкл Фарадей
3. “Индукция” латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?
А) магнит
ә) бағыттау
б) индукция
4. Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыртын машина
А) трансформатор
ә) генератор
б) ротор
5. Кернеуді арттыруға және кемітуге арналған құрал қалай аталады?
А) трансформатор
ә) генератор
б) ротор
ә) үлестірмелі карточкалар беру.
1) Күн - Электромагниттік индукция құбылысы не үшін қолданылады? (жылу мен гидроэнергия станцияларына электр энергиясын алу үшін)
2) Жұлдыз - Генератор қандай бөліктерден тұрады? (индуктор, якорь, контакт сақиналары)
3) Найзағай – Генератор дегеніміз не? (механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын машиналар)
4)От –Трансформатор неден тұрады? ( темір өзектен, әр түрлі орам саны бар екі шарғыдан)
5)Қыздыру шамы – Генератордың айналатын бөлігін, ал қозғалмайтын бөлігін қалай атайды? (ротор, статор)
6)Май шам – Троансформатор дегеніміз не? (Кернеуді арттыруға және кемітуге арналған құрылғылар)
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жарық және жарық құбылыстары туралы ілімді физиканың оптика (грек сөзі, көрінетін, көруге болатын дегенді білдіреді) деп аталатын бөлімі қарастырады.
Жарық нені білдіреді?
Жарық –заттың бөлшектерінің табиғатынан бөлек, табиғаты ерекше бөлшектер ағыны болып табылатын фотондар ағыны.
Фотондар ағыны энергияны жарық көздерінен жарықталған денелерге жеткізеді. Бұл энергияны жарық энергиясы немесе жарықтың сәуле шығару энергиясы деп аталады.

Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: