Жарық кванттары - конспект для урока

 
  • Рубрика:
  • Формат: rar
  • Просмотров: 327
  • Скачиваний: 16

 

Атырау облысы, Махамбет ауданы, Есбол орта мектебінің физика пәні мұғалімі Хасанова Анар Елеушқызы. 11-сынып жаратылыстану-математика бағыты бойынша  өткізген ашық сабақтың жоспары.

Сабақтың тақырыбы:  Жарық кванттары тарауын қайталау.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Жарық кванттары, фотондар, фотоэффект, фотоэффект қызыл шекарасы, Лебедевтің жарық қысымын, люменнесценция, рентген сәулесін қайталап есте сақтау, оқушылардың білімдерін тексеру.

б) тәрбиелік: Оқушылардың сабақ кезінде қолданылатын электрлік қондыр-ғылар арқылы зерек болуға, приборлармен жұмыс істеу арқылы еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыру. Өзіндік көзқарасын танып, пікір айтуға жаттығу, оқушының пәнге қызығушылығын арттырып, қауіпсіздік техниканың ережелерін  сақтауға тәрбиелеу.

в) дамытушылық: Оқушының алдына күрделі сұрақ қою арқылы олардың логикалық ойлау қабілетін арттыру. Есте сақтау және қабылдау дәрежесін жетіл-діру. Танымдық дағдысын дамытып, іздемпазпаздығын, шапшаңдығын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтада слайдтар, мультимедиялық көрсетілімдер, плакаттағы суреттер, Фотоэффект құбылысына негізделген құралдар.

Сабақтың құрал-жабдығы: Штатив, лейден баскасы, жылу машинасы , сымдар, ток көзі, электрондық құралдар.

Пайдаланған әдебиеттер: 11 сынып оқулығы, интернеттен сайт: «опыты по физике», «Физика және астрономия», «Физика», «Оқытуда мультимедияны пайданалу» ғылыми әдістемелік журналдары, Рымкевич есептер шығару және күрделі есептер жинағы кітабы т.с.с.

Пән аралық байланыс: астрономия, биофизика, химия, тарих, геометрия, медицина.

Сабақтың түрі: танымдық зерттеу, жобалау сабағы. Қайталау.

Сабақтың типі: өткен сабақты қайталау, білімді жинақтау, жүйелеу.

Сабақтың әдісі: а) жаңаша оқу әдісі.

                       ә) сұрақ-жауап әдісі.

                       б) топ, жеке, жұп, қатармен жұмыс.

                       в) танымдық іс-әрекет

 

                       г) оқушылар жауаптарына талдау жасау.

Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: