Балалардың зейінін арттыруға арналған жаттығулар - конспект для урока

 
  • Рубрика:
  • Формат: zip
  • Просмотров: 95
  • Скачиваний: 7

Балалардың зейінін арттыруға арналған жаттығулар.
\ Түзету-дамыту сабағы\

Мақсаты: Балабақша тәрбиеленушілерінің зейінін дамыту, жақсы мен жаманды ажыратуға, білімділікке тәрбиелеу.

Өтетін орны: мәжіліс залы

Көрнекіліктері: Интерактивті тақта. Проектор

Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

1.« Өзіңді таныстыр» жаттығуы. Өзін ұжымға таныстыру. Мысалы: ақылды Айжан, Өнерлі Сая сияқты жағымды әрекеттер арқылы аттарын атап, жағымды атмосфера қалыптастыру.
2. «Молекула» қатысушылар орнынан тұрады, атомдар секілді қозғалыста болады. Жүргізуші белгілі санды айтқанда, атомдар молекула құрайды. «3» дегенде 3 адам бір-бірінің қолын ұстап 3 атомнан тұратын молекула құрайды.
Нәтижесі: Қозғалыста болады, санап үйрееді, зейіні тұрақтанады.
3. Зейіннің ауысуына арналған жаттығу
«Желінетін-желінбейтін». Жүргізуші қатысушыларға заттың атын атап доп лақтырады. Ол желінетін, желінбейтінін анықтайды.
4. Сергіту сәті. Видео.
5. «Мен және айна» ойыны
Бұл ойында оқушылар бір-біріне қарап отырады. Әр жұптағы оқушылардың біреуі жағымсыз қасиеті бар адам туралы айтса, екінші жағымды қасиетке айналдырады.
Мысалы: Жалқау – еңбекқор,
Ұялшақ – батыл,
Нәтижесі: Сөздік қоры молайады.
Жаман жақсы қасиеттерді ажырата алады.
Өз көз-қарастарын білдіре алады.
6. «Тілек шамы». Тәрбиеленушілер бір-біріне тілектер айтады. Тілектер айтқаннан кейін сабақ аяқталады.

Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: