Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі ілім біл!

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Қандыағаш қалалық 5 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің
мұғалімі Жубанышева Конзада Шотбаевна

Тақырыбы: "Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі ілім біл!"

Мақсаты: Окушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу.
Көрнекілігі: плакаттар "Жасай бер, ана тілім-қазақ тілі!", "Қазақ тілі- ұлт тілі"
Барысы:Ұйымдастыру
1 бөлім. Көрініс
1-оқушы: Қуан далам! Қуанатын күн бүгін,
Тіл туралы заңым енді күніне
Қуан халқым!күніне енді тіл заңы,
"Сүйінші!"- деп ақын ұлың жырласын.
2-оқушы: Сәлем достым !
1-оқушы: Сәлем! Қалың қалай?
2-оқушы : Жақсы! Достым бүгін не үшін жиналғанымызды білесің бе?
1-оқушы: Ия, бүгін "Жеті жұрттың тілін біл,Жеті түрлі ілім біл!-"-атты сынып сағаты болады.
2-оқушы:- Осы тіл не үшін керек?
1-оқушы:-Досым-ау, тіл бір-бірімізбен сөйлесу, түсіндіру үшін қажет қой. Мұғалім "Тіл-қарым-қатынас құралы" деп түсіндірді емес пе?"
2-оқушы: Жарайды, тіл қарым қатынас құралы-ақ болсын, онда адамдардың бәрі бір тілде сөйлеп, түсіне бермей ме?Ана тілі деп бөлгені несі?
3-оқушы: Ой-ой,тапқышбегім-ай!Кез келген адамның өз анасы болатыны сияқты дүние жүзіндегі халықтардың да өз анасы, өз тілі,өз Отаны бар емес пе?
4- оқушы: Ана тілі дегеніміз- ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой. Ал ана деген- бәрінен қастерлі,аяулы асыл жан. Ендеше Сәкенова Айгүлдің "Ананың тілегі" өлеңін тыңдаңыздар!
5-оқушы: Мен сендерге С. Мәуленовтың бір өлеңін оқып берейін,
Сол тіліммен дүниені атадым,
Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.
Жатты онда уыз сүті ананың,
Жатты онда аманаты атаның.
Сол тіліммен махабатқа тіл қаттым,
Сол тілім

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: